Ақмола облысында 4457 оқушыға арналған соңғы қоңырау соғылды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысындағы 4457 мектеп оқушысы үшін соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-ның өңірдегі тілшісі.
None
None

Соңғы қоңырау мерекесі барлық білім ошақтарында өз сән-салтанатымен өтіп, балғындар мен ата-аналар, ұстаздар қауымының мерекесіне айналды. Көкшетау қаласындағы №1-ші орта мектептен өткен соңғы қоңырауға қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, түлектерге сәт-сапар тіледі.

Еске сала кетсек, жалпы, облыс бойынша биылғы жылы 4457 оқушы үшін мектеп қоңырауы соңғы рет сыңғырлады. Жаңа өмірге қадам басқалы тұрған олардың 3207-і жоғары оқу орындарына түсу үшін 2-5 маусым аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатысса, 184 мектеп бітіруші «Алтын белгіден» және 58 оқушы «Үздік аттестаттан» үміткер.

Сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдайтын 95 мектеп бітірушінің жетеуі «Алтын белгіге» және 15-і «Үздік атестатқа» үміткер. Халықаралық олимпиадалардың қатысушылары мен республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан босатылады. Облыста олардың саны 46 оқушыны құрап отыр.

Ал, Көкшетау қаласы бойынша барлығы 847 мектеп бітіруші болса, оның 43-і «Алтын белгіден» үміткер.

Соңғы жаңалықтар