Ақмола облысында 62 азаматтың көші-қон заңнамасын сақтамағаны анықталды

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің жедел мәліметі бойынша, «Заңсыз» іс- шарасын жүзеге асыру барысында көші-қон заңнамасын сақтамаған 62 шетелдік азамат анықталып, елден шығарылды,

Ақмола облысында 62 азаматтың көші-қон заңнамасын сақтамағаны анықталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Тәртіп сақшылары көрші елдің он азаматы Атбасар ауданына қарасты Новоалександровка ауылында мал фермасында жұмыс істеп жүргенін анықтады.Тексеру кезінде олардың құжаттары жоқтығы, тиісті органдарда тіркеуден өтпегені анықталып, ел аумағынан шығарылса, жауапкершілігі шектеулі серіктестік жетекшісіне 20 айлық көрсеткіш есебінде айппұл салынды. Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Дулат Тойғамбаевтың айтуынша, төрт күндік іс- шара нәтижесінде өңірде заңсыз жүрген 402 шетелдік азамат белгілі болып, тиісті шешім қабылданған. Оның 4-уі Моңғолия және Румыния елдерінен екен. Іс- шара аясында 106 құрылым жетекшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ іздеуде жүрген үш қылмыскер қолға түсті.