Ақмола облысында 700 колледж студенті дуальдік білім алуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Атбасар ауданына сапары барысында №11 Атбасар агротехникалық колледжінің жұмысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ақмола облысында 700 колледж студенті дуальдік білім алуда

Бүгінгі күні аталған білім ордасында «Фермерлік шаруашылық», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Желдеткіш және инженерлік желі ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды монтаждау және пайдалану», «Аспазшы», «Тігінші» және «Ұсталық іс» мамандықтары бойынша 166 студент білім алуда. Олардың арасында жетім және қамқорлықтағы балалар да бар. Оқу ордасы аумағында 8 оқу ғимараты, жатақхана, көлікжай, шеберхана орналасқан. Өткен жылы 22 миллион теңгеге колледждің 3 мультимедиялық кабинеті күрделі жөнделді. Сонымен қатар, колледж оқушылары теориялық білімді кәсіпорындардағы тәжірибе жұмыстарымен ұштастырып отыр.

«Колледж студенттері дуальдік оқыту жүйесі арқылы өңірдегі бірқатар кәсіпорындарда өндірістік және кәсіптік тәжірибеден өтуде. Ол үшін студент, білім ордасы және кәсіпорын арасында үшжақты келісімшарт жасалды. Осы орайда, бізде студенттерді тиісті материалдық-техникалық базасы бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін кәсіпорындарға жіберуге тырысамыз», дейді колледж директоры Галина Литвинова.

Колледже болып, студенттер және оқытушылармен кездескен аймақ басшысы кәсіби-техникалық білім алудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Еске сала кетсек, бүгінгі таңда облыста 38 мекеме кәсіби-техникалық білім берумен айналысуда. Ондағы барлығы 21 мың студенттің 63 пайызы тегін білім алуда. Сондай-ақ, 16 колледже оқитын 700 студент дуальдік білім алуда.
null null