Ақмола облысында 95 миллион 848 мың тонна жүк тасымалданды

КӨКШЕТАУ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық статистика департаментінің деректері бойынша өңірде өткен жылы 95 миллион 848 млн тонна жүк тасымалданды,
None
None

бұл 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,7 пайызға көп.

Осы уақытта тасымалданған жүктердің барлығы дерлік жүк көліктеріне тиесілі болып отыр. Жыл ішінде жүк айналымы 2 миллиард 828 миллион тонна/шақырым деңгейінде қалыптасып, өсім бұрнағы жылмен салыстырғанда 26,4 пайызға артты. Сондай-ақ осы кезеңде көліктер қызметін пайдаланған 1 миллиард 58 миллион адам діттеген жерлеріне жеткен, бұл 2009 жылға қарағанда 11,1 пайызға жоғары. Жыл ішіндегі жолаушылар айналымы 5 миллиард 148 миллион жолаушы/шақырымға жетіп, өсім бұрнағы жылға қарағанда 3,4 пайызды құрады. Жолаушылардың барлығы дерлік автокөлік қызметіне жүгінген.

Соңғы жаңалықтар