Ақмола облысында 9514 адам жұмыспен қамтамасыз етілді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен жылы жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш білдірген 9819 адамның 9514-інің тілегі орындалды, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлесттіру басқармасының бастығы Әбділрахман Мәдияровтың айтуынша, жыл ішінде жаңадан 9591 жұмыс орны ашылған. Олардың басым бөлігі сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықтардың еншісінде. Бұл іс Көкшетау қаласы мен Атбасар ауданында өз деңгейінде жүзеге асырылып отыр. Осы уақытта еңбекке орналастыруға бағытталған 58 жәрмеңке ұйымдастырылып, 2326 бос орын ұсынылған. Оның сыртында «Жұмыс іздеу клубына» 1266 адам, «Жастар тәжірибесіне» - 736, кәсіби біліктілігін арттыру курстары бойынша 909 адам өтініш білдірсе, олардың дені өз шешімін тапқан. Сондай-ақ 4836 адам қоғамдық ақылы жұмысқа тартылып отыр.
Соңғы жаңалықтар