Ақмола облысында ағымдағы жыл басынан бері бөлшек тауар айналымы 2,784 миллиард теңгені құрады

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысында ағымдағы жыл басынан бергі бөлшек тауар айналымы 2 миллиард 784 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,1 пайызға төмен,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.Қаңтар айындағы тауар айналымы 2008 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 29,3 пайызға кеміп отыр. Жыл ішіндегі бөлшек тауар айналымында жекеменшік сауда орындары мен жекелей сауда жасаушылардың үлесі 99 пайызды құрайды. Осы уақытта аралас базарларда, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сатудан түскен түсім 3,2 пайызға өсіп, 1 миллиард 46 миллион теңгені құраған. Үстіміздегі жылдың қаңтар айындағы көтерме сауда-саттық өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 36,7 пайызға өсіп, 8 миллиард 439 миллион теңгеге жетті. Бұл істе Көкшетау қаласы, Зеренді мен Щучье аудандарында жоғары өсімге қол жеткізіліп отыр. Жыл ішінде қоғамдық тамақтандыру орталықтарының қызмет деңгейі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға азайып, 134 миллион теңгені құрады. Ал көліктерге, тұрмыстық техникаларға қызмет көрсету мөлшері 21,1 миллион теңгеге жеткен.
Соңғы жаңалықтар