Ақмола облысында ағымдағы жылы 10 айында ауыл шаруашылығы жиынтық өнімінің көлемі 228 миллиард теңгені құрады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 10 айында ауыл шаруашылығы жиынтық өнімінің көлемі 228 миллиард теңгені құрады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дегі брифингте Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мəлім етті.
Оның айтуынша, экономикалық өсуге қолдау көрсетуде үлкен рөл облыстың аграрлық саласына жүктеледі, онда 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары қызмет етеді, жұмысқа қабілетті тұрғындардың 36 пайызы қамтылған.
«Ағымдағы жылы АӨК қаржыландыру 16,2 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы жиынтық өнімінің көлемі 228 миллиард теңгені немесе өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 101,1 пайызды құрады», - дейді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, ол ауа райының қолайсыздығына қарамастан Ақмола облысы егін жинау науқанын ұтымды аяқтағанынын да атап өтті.
«Дәнді дақылдардың жиынтық өнімі гектарынан 11,2 центнер орташа түсімімен 4,6 миллион тоннаны құрады. Биылғы жылы сапалы астықтың айтарлықтай көп көлемі жиналғанын атап өту қажет.
Алынған өнім ішкі қажеттілікті қанағаттандырумен қатар, астықты елдің басқа да өңірлеріне және экспортқа шығаруға мүмкіндік береді», - дейді С.Кулагин.