Ақмола облысында ағымдағы жылы «Мәдени мұра» бағдарламасына 373,4 миллион теңге жұмсау ескерілген

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылы «Мәдени мұра» аймақтық бағдарлама аясында бюджеттен 373,4 миллион теңге қаржы жұмсау қарастырылып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық мәслихаттың деректеріне сілтеме жасап. Бұл ретте айтулы іс-шараның талап деңгейінде жүзеге асырылуына облыстық бюджеттен 363 миллион теңге, ал аудандық бюджеттен 210 мың теңге, басқа қаржы көздерінен 11 миллион 470 мың теңге қаржы бөлініп отырғанын атап атқан жөн. Айтулы бағдарламаның негізгі мақсаты әр ұлт өкілдерінің мәдени-тарихи құндылықтарын сақтауды ойдағыдай қамтамасыз етіп, тиімді пайдалану, тарихи ескерткіштерді мемлекеттік қорғауға алу болып табылады. Бұған қосымша осы жыл ішінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Ерейментау қаласында Бөгенбай батырға ескерткіш тұрғызу, Біржан салдың туғанына 175 жыл толуына орай ескерткіш маңын ретке келтіру, ескі кітаптар сатып алу жөнінде өңірлерге экспедиция ұйымдастыру қарастырылған.
Соңғы жаңалықтар