Ақмола облысында ағымдағы жылы «Таза су» бағдарламасына 736 миллион теңге қарастырылды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылы «Таза су» бағдарламасын іс жүзіне асыру мақсатына облыстық бюджеттен 736 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл ішінде бөлінген қаржы есебінен 12 мың тұрғыны бар 24 елді мекенде жалпы ұзындығы 108 шақырым су құбырларын алмастыру жүзеге асырылатын болады. Оның сыртында республикалық бюджеттен 2,4 миллиард теңге қарастырылып, соның негізінде 22 елді мекендегі 40 мың тұрғынның ауыз суға деген сұранымын қанағаттандыру көзделуде. Осы жобаға сәйкес 13 ауданның суға деген мұқтажы ескерілмек. Бұл ретте басты назар Көкшетау қаласында жылдар бойы күрделеніп қалған су құбырларын жаңарту, қайта жарақтау шаралары шешімін табатын болады. Осы уақыт аралығында күнделікті қажеттіліктері үшін тасымалды суды пайдаланып келе жатқан елді мекендер түйткілдерін бір жүйеге келтіру белгіленген.
Соңғы жаңалықтар