11:41, 30 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 335 миллион теңге бөлінген
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ақмола облысында «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысында әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесін ұйымдастыру бойынша қаржыландыру көзделген.
Аталған мақсаттарға 335 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл 3,7 мың адамды еңбекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірде 1389 ұйыммен әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі келісім-шарттар жасалды. Осы салаларды құру бойынша жоспарланған көрсеткіштер толығымен орындалып, қосымша 3024 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына, ал 1373 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді.
Сонымен қатар 26 оқу мекемесі базасында 3469 адамды кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өткізу қарастырылып отыр. Жалпы «Жол картасын» іске асыру кезінде 2570 адам қайта дайындықтан өтсе, соның 429-ы оқуын аяқтап, облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысқа орналасты.