Ақмола облысында алғашқы 80 мың адам есепке алынды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысы бойынша Ұлттық халық санағы аймақтық комиссиясының хатшысы Алтын Қасымованың мәлімдеуінше,
None
None
алғашқы күні өңірде сексен мың адам туралы толық ақпараттық мағлұмат есеп алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ұлттық халық санағы облыстық штабының мәліметіне сәйкес іс-шараға белгіленгендей, 2 мың 476 есепші қатысуда. Өңір бойынша құрылған 75 санақ бөлімінде жұмыстың бір жүйелігі, тиянақтылығы, жеделдігі, анықтығы қамтамасыз етіліп отыр. Бүгінгі күні есепке алынғандардың 38 мыңы - ерлер, өңірде уақытша тұрып жатқандар - 422, жергілікті ұлт өкілдері 35 мың адам. Санақ жұмыстары Степногор қаласында, Аршалы, Астрахан, Бұланды, Еңбекшілдер, Есіл, Зеренді аудандарында ұйымшылдықпен атқарылуда. Сонымен қатар ауруханалар мен жабық мекемелерде, теміржол және автовокзалдарда адамдардың талап-тілектеріне орай санақ жұмыстары атқарылып отыр.Ұлттық халық санағы талаптарына сәйкес есепке алынушылар тиесілі 45 сауалға толыққанды жауап беруде. Санақшылар жұмысының жемісті болуы мақсатында бөлінген көлік, тегін көлікпен жүріп-тұру, қауіпсіздік шаралары ойдағыдай қамтамасыз етілген.
Соңғы жаңалықтар