Ақмола облысында әр деңгейдегі әкімдердің есепті жиналыстары аяқталды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша қаңтардың 12-сі мен ақпанның 6-сы аралығында жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысына арналған 710 жиналыс өткізіліп, әр деңгейдегі әкімдер жұртшылық алдында есеп берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұрнағы жылмен салыстырғанда жылдың қорытынды басқосуына қатысқандар қатары 28,3 пайызға артып, мәселелерді талқылау кезіндегі белсенділігі өсе түскен. Бұл ретте жұртшылықтың жиынға деген ынта-ықыласы Сандықтау ауданында барлық тұрғындардың 26,5 пайызын құраса, Еңбекшілдерде - 22,7 пайызы, Егіндікөлде - 21 пайызы, Ақкөл мен Астрахан аудандарында 18,1 пайызы қатысып, өз ойларымен бөліскен. Ал Көкшетау мен Степногор қалаларында, Щучье ауданында тұрғындардың тек 1,5-6,3 пайызы ғана әкім есебіне қатысуға тілек білдірген. Ал облыстық орта көрсеткіш 10,4 пайыз деңгейінде қалыптасып отыр. Дегенмен адамдардың ұсыныс, талап-тілектер қоюы өткен жылмен салыстырғанда 85 пайызға артқан. Сауалдардың дені ауыз су, жол құрылысы, тұрғын үй түйткілі, әлеуметтік нысандарды жөндеу, электр, көгілдір отын, телефон байланысымен қамту жайында өрбіген. Ал Сандықтау, Щучье, Астрахан аудандарында өткен жылдың өзекті мәселелері қайта көтерілуі, істің нақты шешімін таппағанын көрсетсе керек. Есепті жиналыстарға облыстық ведомстволар мен басқармалар, қалалық және аудандық мемлекеттік органдар жетекшілері, ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері қатысып, туындаған сауалдарға нақтылы жауаптар берілді.
Соңғы жаңалықтар