Ақмола облысында аса ірі көлемде есірткі заты тәркіленді
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің жедел іздестіру тобы Щучье ауданы Кенесары ауылында ЗИЛ көлігінен салмағы 271 килә есірткі затын тәркіледі,
деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Жамбыл облысы Шу ауданынан осы өңірдің үш және Қарағанды облысының бір азаматы қапқа салынған марихуана алып шыққан көрінеді. Бұл жүк Көкшетау қаласына жеткізіліп, одан әрмен Ресейге асырылуы көзделген екен. Қазіргі кезде қолға түскен есірткі тасымалдаушылар уақытша оқшаулау абақтысына жабылды. Олардың үстінен ҚР ҚК-сінің 259-ші бабы 3-ші «а» және «в» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.