Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында Астана-Қарағанды тас жолында 2012 жылдың тамызында 16 адамның өліміне айыпты Д.Козловқа қатысты сот басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Аршалы аудандық сотында бірнеше адамның өліміне және оқиға орнын қалдырып кету бойынша айыпталып отырған Козлов Дмитрийдің үстінен қозғалған қылмыстық іс қаралуда, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Ақмола облысында Астана-Қарағанды тас жолында 2012 жылдың тамызында  16 адамның өліміне айыпты Д.Козловқа қатысты сот басталды

2012 жылдың 19 тамызында жүргізуші Козлов Д. шағыл тиелген «Shaanx» жүк көлігін жүргізе отырып, Алматы-Екатеринбор тас жолының 1309-шы шақырымында жолдың қарсы жолағына шығып, онда «Астана-Қарағанды» бағытымен келе жатқан «Yutong» автобусымен соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 16 адам қаза тапты. Зардап шеккендерге көмек көрсету шараларын қолданбаған Д.Козлов оқиға орнынан кетіп қалды.

Қылмыстық іс сотқа 2012 жылдың 4 желтоқсанында келіп түсті. Қорғаушының Сот сараптамасы институтының сарапшысын шақырту туралы өтінішінің келіп түсуіне байланысты сот отырысы 2013 жылдың 22 қаңтарына ауыстырылды.