Ақмола облысында астықтың 5 млн. тоннасы жиналды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінге дейін біз 5 млн. тонна астықты жинап үлгердік. Бұл туралы бүгін Астанадағы Ақмола облысының жәрмеңкесі аясында журналистерге сұхбат берген аймақ басшысы Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

Ақмола облысында астықтың 5 млн. тоннасы жиналды

Әкімнің сөзіне қарағанда, қазіргі егістік алқаптарының 200 мың гектарынан өнім жиналмай жатыр. Оған ауа-райының қолайысыздығы кедергі болуда. «Бүгінге дейін біз астықтың 5 млн. тоннасын жинап үлгердік. Қазір егістік алқаптарының 5 пайызы қалды. Облыс бойынша ол жұмысқа 9 мың комбайн дайын тұр. Алайда жаңбырдың салдарынан біз оны шығара алмай жатырмыз. Енді, тағы үш-төрт күндей ауа-райы ашық тұрса, барлық астықты жинап алуға мүмкіндік болады», - дейді Қ.Айтмұхаметов.