Ақмола облысында автокөлік иелерінен 2,9 миллион теңгеге жуық айыппұл өндіріліп алынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақмола облысының сот орындаушыларының орындауында 42 459 атқару өндірісі болған. Үздіксіз жұмыстың нәтижесінде олардың 939 миллион теңгеден астам сомаға 32 027 атқару өндірісі орындалды, деп хабарлады Ақмола облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Бюджет қоржынына қаражат түсіру мақсатында сот орындаушылары Көкшетау қалалық прокуратурасымен және өкілетті органдармен бірлесіп 20 шілдеден 26 қыркүйекке дейінгі аралықта «Бюджетті толықтыру» және «Борышкер» атты әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша жедел алдын алу шараларын өткізді.

Сот орындаушылары борышкерлердің мекенжайларына бару, автокөліктерді тоқтатып, оларды арнайы айыппұл автотұрағына қою сияқты атқару әрекеттерін жүргізді. Сонымен қатар борышкерлердің жалақысынан ұстау туралы қаулы шығарылып, ол жұмыс орнына жолданады», - дейді Көкшетау қаласы №2 аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Еркін Қабышев.

Әкімшілік айыппұлдарды өндіру акциясы кезінде Көкшетау қаласы №2 аумақтық бөлімі Көкшетау қалалық прокуратурасымен бірлесіп «Бюджетті толықтыру» жедел алдын алу шарасы аясында сот орындаушылары мемлекет кірісіне 64 миллион 297 мың теңгені аударды. Сондай-ақ дәл осы акция барысында бес бірдей борышкерге қатысты әкімшілік материалдар мамандандырылған әкімшілік соттың қарауына жолданған. Нәтижесінде олардың әрбірі әкімшілік қамауға алынды.

Ал әкімшілік полиция басқармасымен бірлескен «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында борышкерлердің 74 автокөлігі арнайы айыппұл автотұрағына тоғытылып, сондай-ақ 2 миллион 897 мың 372 теңге өндіріліп алынды. Акция одан әрі де жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар