Ақмола облысында барлық бағыттарда көлік қатынасы тоқтатылды

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 17 ақпанда сағат 11.15-тен бастап Ақмола облысында ауа-райының қолайсыздығы (сулы қар, боран, жолдың нашар көрінуі) салдарынан автокөліктің барлық түріне барлық бағыттарда жол жүруге тыйым салынды.

Ақмола облысында барлық бағыттарда көлік қатынасы тоқтатылды

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ал Қарағанды облысында келесі жол учаскелері, атап айтқанда «Қызылорда-Павлодар» автожолының «Атасу-Қарағанды» (749-946 км) учаскесі, «Қызылорда-Павлодар» автожолының «Жезқазған-Атасу» (433-749 км) учаскесі, «РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы» автожолының «Қарағанды-Балқаш» (1492-1854 км) учаскесі әлі жабық.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.