Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде бұрын жасалған 14 қылмыстың беті ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде бұрын жасалған 14 қылмыстың беті ашылды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«2016 жылдың 25 қаңтарында Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 24 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Зардап шегушiнің айтуынша, белгісіз біреу оның «Лада-Гранта» көлігінің терезесін бұзып, ішіндегі әмианын құжаттарымен бірге ұрлап әкеткен.

Осыған орай аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Жедел-іздестіру шарасы барасында 20 жастағы жас жігіт ұсталды. Күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды.

Сонымен қатар, 3 наурызда Ақкөл қаласында 62 жастағы тұрғынның көлігін үй ауласынан айдап әкетпек болған екі жас жігіт қолға түсіп, қылмысты болды», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram