Ақмола облысында биылғы жылдың алғашқы 2 айында 1 мың жаңа жұмыс орны ашылды

Бұл туралы өңір басшысы Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен мәжілісте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Бауыржан Малғаждаров мәлім етті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Басқарма басшысының айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2015 жылы өңірге республикалық бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлініп отыр.
«Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 582 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 650,1 млн. тенгенің соммасына 33 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оған қоса, 248 жұмыс орнын құратын 484,6 млн. теңге соммасына дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бойынша 7 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Екінші бағыт бойынша 287 адам кәсіпкерлік негізі бойынша оқу курсынан өтті. Бағдарламаға қатысушы 163 адамды барлығы 489 млн.теңгенің шағын несиесімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жалпы жұмыссыздықтың деңгейі 4,9 пайызды құрады. Үшінші бағыт бойынша 507,2 млн. теңге қарастырылған», - дейді Бауыржан Малғаждаров.
Сонымен қатар, басқарма басшысының сөзіне қарағанда Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуі аясында 37,8 млрд. теңгеге 13 жоба жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдарымен Астана базарына 2,2 мың тонна сүт пен 1,7 мың тонна ет өнімдері және 23,9 млн. дана жұмыртқа жеткізілген. 2015 жылда ҮИИД МБ аясында 1882 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 121,1 млрд. теңгенің 25 жобасын іске асыру жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,4 млрд. теңге құрады. 2015 жылда қантар-ақпан айында дара және коммерциялық тұрақ 39,5 мың шаршы метр енгізілген. Облыста жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілернің саны 53,4 мың болса, шаруа қожалығы (фермерлік) 4 мыңды құрап отырған көрінеді.
Осы орайда, өңір басшысы барлық аудандық және қалалық әкімдіктерге ауыл шаруашылығы субъектілері қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін қарастыруды және өндірісті дамытуды ерекше бақылауға алуды тапсырды.