Ақмола облысында бизнес құрылымдары 1,5 миллиард теңгенің әлеуметтік көмегін көрсетті

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 26сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен жылы шағын және орта бизнес өкілдері әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасы бойынша 1052 келісім шарт жасасып, үш миллиард 246 миллион теңгенің көмегін көрсетуге ниеттенген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Әбділрахмен Мәдияровтың айтуынша, жыл ішінде бизнес өкілдері өздері берген серттерінде тұрып, аз қамтылған отбасыларына, зейнеткерлер мен мүгедек жандарға, көп балалы жанұяларға қаржылай көмек қолын созған. Осы уақытта кәсіпкерлер әлеуметтік қолдау мақсатымен 1052 меморандумға қол қойып, соның 679-ы бойынша бір жарым миллиард теңге қаржы қарастырған. Ал қалғаны орындалу үстінде. Өткен жыл қорытындысы бойынша республикалық «Парыз» байқауына өңірден 11 кәсіпорын қатысып, соның ішінде Атбасар ауданына қарасты «Сочинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Жылдың әлеуметтік бағдарламасы» номинациясында, Щучье ауданындағы «ЭкоСервисБурабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Үздік әлеуметтік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаз атанды.
Соңғы жаңалықтар