Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында болған өрт бір адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Бұланды ауданының Вознесенка ауылындағы Киров көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үй 25 сәуір күні сағат 00:26-да отқа оранды.

Ақмола облысында болған өрт бір адамның өмірін қиып кетті

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

 Өрт сағат 02:45-те ауыздықталып, 04:15-те өшірілді. Оған Ақмола облыстық ТЖД-нің өзр сөндіру қызметі жеке құрамының 5 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды.

 Жалын тілі 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.