Ақмола облысында боранда жолда қалған 17 жолаушы аман қалды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағында Көкшетау-Державин күрежолы бойында жолда сынып қалған автобустың 17 жолаушысы аман қалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Ерлан Оспановтың хабарлауынша, түнгі екінің кезінде Көкшетау-Державин бағытының 110-ыншы шақырымында жол полицейлері «Сетра» автобусының істен шығып қалғанының куәсі болған. Боранды түндегі қатты аяздан автобустың жанар-жағармай және суыту жүйесі істен шыққан. Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімінің жол полицейлері Сайлау Бақаев пен Тимур Исалин жіті әрекет жасап, «Арка және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің қызметкерлерімен бірлесіп, жеке көліктермен жолаушыларды Державин стансасының вокзалына жеткізген. Атбасар қаласындағы «Жолаушылар тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жөндеушілер бригадасы көлікті шұғыл жөндеп, іске қосуды қамтамасыз етеді. Осылайша жолаушылар көптің көмегімен сапарларын жалғастырып кетті.
Соңғы жаңалықтар