09:52, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақмола облысында боранды күнгі көлік апатында бес адам мерт болды
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысы аумағында Көкшетау-Омбы күре жолы бойында боранды күні екі жеңіл көлік соқтығысып, нәтижесінде бес адам мерт болып,
екеуі ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыстық жол полициясының бастығы Ерлан Оспановтың айтуынша, солтүстікқазақстандық жүргізуші «Фольксваген-Гольф» көлігімен боранда жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, екінші «Фольксвагенмен» бетпе -бет соқтығысып қалады. Ал осы сәтте «ВАЗ-21115» жүргізушісі арақашықтықты сақтамағандықтан «Фольксваген-Туарег» жеңіл көлігіне жанамалай соқтығысқан. Осы жол апатынан сол жерде жүргізуші мен төрт жолаушы мерт болды. Ал «ВАЗ-21115» жүргізушісі мен жолаушысына дәрігерлік көмек көрсетілген. Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 7 жол- көлік оқиғасы тіркеліп, онда 6 адам мерт болып, 13-і дене жарақатын алған.