Ақмола облысында цифрлық технологияны 20-дан астам кәсіпорын қолданады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 20-дан астам ірі өнеркәсіп орны Идустрияландыру 4.0 ұстанымындағы цифрлық технологияны қолданады. Бұл туралы  Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әкімнің баяндамасында айтылғандай өңірде Индустрияландыру картасы шеңберінде өңдеуші секторды дамыту мақсатымен құны 500 миллиард теңгелік 10 жоба жүзеге асырылуда. Жобаның 6-ауын (53,4 млрд теңге) биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланған.

«Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттерге сай өндірістік процестерді цифрландыру жұмысы жалғасын табады. Бұл еңбек өнімділігін еселей арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні өңдеу өндірісінде еңбек өнімділігі 30 мың АҚШ долларынан аспайды. Былтыр іске қосылған жаңа өндіріс орындары бұл көрсеткішті барынша өсіруге негіз болмақ. Мысалы, «Көкше Цементтің» жобалық қуатына шығуымен жылдық өнімділік 90 мың долларға жеткізіледі деп жоспарланған.

Өңірдің 20-дан астам ірі өнеркәсіп кәсіпорны қазір Идустрияландыру 4.0 ұстанымындағы цифрлық технологияны қолданады. Бүгінгі күні біздің кәсіпорындардың әрқайсысы сәтті және бәсекеге қабілетті болу үшін жаңа технологияларды жүзеге асыруда плацдарм жасауы керек», - деді М.Мырзалин. 

Соңғы жаңалықтар