Ақмола облысында диқандар әр гектардан орта есеппен 7,8 центнерден астық жинауда

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін облыста 185,4 мың гектар алқаптың егіні орылып, оның 144,1 мың гектары бастырылды. Бұл-тиісінше барлық егіс алқабының 4,5 пайызы.
«Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен 7,8 центнерден астық жиналуда. Ал, Сандықтау ауданында бұл көрсеткіш 12,3 центнерден асып отыр. Орақ науқанының 10,4 және 9,6 пайызын еңсерген Ақкөл және Жарқайың ауданының диқандары көш бастап келеді»,- деп көрсетілген хабарламада.
Еске сала кетсек,биылғы жылы облыс бойынша себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 4547,9 мың гектарды құраса, оның 4147,5 мыңы дәнді және дәнді бұршақ дақылдарына тиесілі. Сонымен қатар, 244,3 мың гектар майлы дақылдар, 132,8 мың гектар мал азығы, 18,7 мың гектар картоп және 4,4 мың гектар көкөніс те отырғызылған болатын.