Ақмола облысында екі күнде тілсіз жау үш адамның өмірін жалмап кетті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен екі тәулікте өңірде тіркелген өрт салдарынан 43 пен 47 жастағы екі әйел мен бес жасар балғын опат болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорғалжын ауданына қарасты Қараегін ауылында жеке үйде болған өрт түнгі сағат үштен 14 минут кеткенде тіркеліп, екі сағат ішінде сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске бес жеке құрам мен бір техника қатыстырылды. Өрт баспананың 80 шаршы метрін жалмап кеткен. Бұған дейін Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласында кешкі 19 сағат 37 минутта жекеменшік үйде өрт шығып, оны сөндіруге алты өрт сөндіруші мен бес техника жұмылдырылды. Тілсіз жау жарты сағат ішінде ауыздықталды. Өрт сөндірушілер ас бөлмеден бес жасар баланың мәйітін алып шыққан. Қазір бұл оқиғалар бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Өрттің себебі мен шығыны анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум