12:43, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақмола облысында екі сәби мерт болды
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің деректері бойынша өткен аптада екі сәби мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Көкшетау қаласында үйінен шығып кеткен сегіз жасар Сергей і3-түссіз жоғалған. Қаланың шет аймағында тұратын 17-ші мектептің оқушысы сабаққа да бармаған. Тек екінші күні соққыға жығылып, мерт болған баланың мәйіті қираған ғимараттың ішінен табылды. Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК-сінің 96-шы бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер департаменті нақты ақпарат берушіге миллион теңге сыйақы белгілеп отыр. Ал Ақкөл қаласында өртке шалынған үйдің ішінде қалып қойған екі жасар бала мерт болды. Бүлдіршінді үйде қалдырып, төрт жастағы ұлымен дүкенге кеткен анасы қайта келгенде баспаналары жанып жатқан. Өкінішке орай, өртке қарсы күрес қызметі де отқа оранған үйге кешігіп жеткен.