Ақмола облысында Елбасының Жолдауын халыққа жеткізу топтары жұмысқа кірісті

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағында Елбасының наурыздағы «Дағдарыстан - дамуға» атты Жолдауын жұртшылық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында жасақталған үгіт-насихат топтары өз жұмыстарына кірісіп кетті,

Ақмола облысында Елбасының Жолдауын халыққа жеткізу топтары жұмысқа кірісті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгінгі таңда 17 аудан бойынша осындай топтар тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және жастармен кездесіп, Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттар, оларды іске асыру жолдары мен қолға алынып отырған иігілікті іс-шаралар туралы әңгіме өрбітіп, туындаған сауалдарға жауап беруде. Облыс көлемінде қазірдің өзінде 80 адамнан тұратын 11 насихат тобы жасақталып, олар белгілі бір аймақтарға бекітіліп, жұмыс кестесі белгіленген. Үгіт-түсінік жұмыстарына тартылғандар Жолдауға сәйкес шешімін табатын басымдықтар, оған қарастырылған қаржылай қолдау, жауапты ұйымдар мен кәсіпорындар жайында тиісті мағлұматтармен қамтылған.