Ақмола облысында ертең бұршақ жауып, тұман түсуі ықтимал - «Қазгидромет»

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» ауа райының күрделене түсуіне байланысты Астана мен Ақмола облысы бойынша ескерту жариялады.

Ақмола облысында ертең бұршақ жауып, тұман түсуі ықтимал - «Қазгидромет»

19 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Жел солтүстіктен, солтүстік батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Астана қаласы бойынша да 19 шілдеде найзағай ойнап, бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Күндіз 19 шіледеде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.