Ақмола облысында газ толтырылған автоцистерна жолдан тайып, жүргізуші опат болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында газ толтырылған автоцистерна жолдан тайып, жүргізуші опат болды.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне облыстық жол-патрульдік полициясының кезекшілік бөліміне хабарласқанында белгілі болды.

Жол апаты өткен түнгі уақыт 02:00-03:00 минут шамасында Новомарковка ауылының маңында «Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолының 97-ші шақырымында орын алған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Павлодар қаласынан Петропавлға бағыт алған газ толтырылған «Мерседес Бенс» автоцистернасының 1963 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Жарылыс болған жоқ. Тек, көлік жүргізушісі көз жұмып, тағы бір адам зардап шекті», - деп түсіндірді кезекшілік бөлімінен.

Соңғы жаңалықтар
telegram