Ақмола облысында инфляция ағымдағы жылдың қаңтарында 2,9 пайызды құрады

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысында инфляция ағымдағы жылдың қаңтарында 2,9 пайызды құрады.
None
None

Азық-түлік тауарлары тобының бағасы - 0,9 пайызға, өнеркәсіп тауарлары - 0,1 пайызға, ақылы қызметтер 7,7 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.

Өткен айда азық-түлік тауарлар нарығында қанттың бағасы - 7,4 пайызға, жұмыртқа - 5,8 пайызға, көкөніс пен жеміс - 3,4 пайызға, сүт өнімдері - 0,6 пайызға, балық және теңіз өнімдері 0,3 пайызға өскендігі тіркелді. Өнеркәсіп тауарлары арасында киім және аяқ киім - 0,3 пайызға, көгілдір отын - 1,7 пайызға, жанар май 1,8 пайызға төмендеген. Халыққа ақылы қызмет көрсету саласында суық су бағасы - 3,1есеге, кәріздік - 1 есеге, тұрғын үй қызметтері 10,6 пайызға қымбаттады. Байланыс қызметінің бағасы 8,2 пайызға өсті. Мектепке дейінгі балалар мекемесі қызметтерінің төлемі 44,2 пайызға көтерілуіне орай білім қызметінің бағасының өсуі 6,7 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум