Ақмола облысында ірі 3 бордақылау алаңы ашылады

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат -Жыл соңына дейін Ақмола облысында 11 мың бас ірі қараға арналған 3 ірі бордақылау алаңы ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов мәлімдеді.

Ақмола облысында ірі 3 бордақылау алаңы ашылады

Бұдан бөлек, облыс басшысының сөзіне қарағанда, өңірде алдағы уақытта 9 тауарлы сүт фермасы ашылады. «Ал жыл соңына дейін, облыс аумағында 2 ет өнімі бағытындағы шаруашылық пен бір тауарлы сүт фермасын қосу жоспарда бар. Жалпы, өңірімізде 500 басқа дейін мал бордақылауға мүмкіндік беретін14 мал шаруашылығы алаңы, 16 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар», - дейді облыс әкімі Қ. Айтмұхаметов.