Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен 33 жастағы әйелдің денесі табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен 33 жастағы әйелдің денесі табылды.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 17 қазан күні Еңбекшілдер аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне 1970 жылғы ер адам хабарласып, Невское аулында тұратын 33 жастағы әйелдің 14 қазан күні ауылдағы ЖШС-не жұмысқа кетіп, қайтып оралмағанын айтып хабарлаған.

Кейін қазанның 19-ы күні аталған әйелдің денесі ауыл маңынан табылды. Қазіргі кезде, оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар