15:50, 03 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Ақмола облысында киіктерді қырып салып, мүйізін кесіп алған браконьерлер іздестірілуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 6 киікті атып өлтіріп, мүйізін кесіп алған браконьерлер іздестірілуде. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады
Полицейлердің мәліметі бойынша Егіндікөл ауданы Жұлдыз ауылы аумағындағы ескі тастанды бригаданың маңында 6 киіктің өлексесі табылған. «Тексеріс барысында өлген киіктердің барлығы аталық екені анықталды. Сондай-ақ киіктердің денесінде тегіс ұңғымалы мылтық оғының және пышақтың іздері табылды. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚК 337 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді ұстау мақсатында кешенді шаралар қолға алынуда. Сонымен қатар шығын көлемі де анықталуда», деп көрсетілген хабарламада.