Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында көлік апатында 5 адам қаза тапты, тағы 3-еуі ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданындағы автожолда болған жол-көлік апатының салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Ақмола облысында көлік апатында 5 адам қаза тапты, тағы 3-еуі ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ

Оқиға, бір-бірімен соқтығысқан екі «Мерседес» көлігінің қатысуымен жексенбі, 24 маусым күні сағат 23:00-де «Астана-Петропавл» көлік жолының 225 шақырымында болды. Соқтығысу салдарынан екі көлік отқа оранды.

Жол-көлік апатында шетелдік көліктердің бірінің 29 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы (тұлғалары анықталмаған) оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы ретінде келе жатқан тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.