Ақмола облысында коронавирустың мутацияланған штамы анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина тұрғындарды босаңсымауға және барлық санитарлық нормаларды сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ақмола облысының аймақтары бойынша айтар болсақ: «қызыл» аймақта Көкшетау, Шортанды, Астрахан аудандары және Біржан сал ауданы, «сары» аймақта - Степногор, Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Есіл, Қорғалжын және Зеренді аудандары, «жасыл» аймақта - қалған барлық аудандар», - деп айтты А.Мусина.

Оның айтуынша, Аршалы, Целиноград, Шортанды және Ақкөл аудандарында аурудың өсу үрдісі байқалады. Бұл «қызыл» аймақтағы Нұр-Сұлтан қаласына халықтың күнделікті қатынауымен байланысты.

Мәселен, 31 наурыздағы жағдай бойынша облыста COVID-19 зертханалық расталған 15370 жағдай тіркелген, оның 104-і өлімге ұшыраған. Соңғы тәулікте COVID-19 зертханалық расталған 48 жағдай тіркелді, оның ішінде 36 белгілері бар және 12 белгілері жоқ.

«ҚР-да вирустың жаңа штамдарының пайда болуына байланысты КВИ-дің айналымдағы штаммдарына зерттеулер жүргізілуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп COVID-19 штаммдарын анықтауға экспресс-ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді. Денсаулық сақтау министрлігі штаммдарға зерттеу жүргізді және еліміздің барлық өңірлері бойынша КВИ науқастарынан сынамалар алынды. Ақмола облысында зерттелген 10 сынаманың ішінен бір науқаста оң нәтиже анықталды.

Зерттеу нәтижелері бойынша «британдық», «Оңтүстік Африка», «бразилиялық» штамдарға тән мутация ықтималдығы анықталды. Мутацияның болуын және оның осы штамдардың біріне жататынын түпкілікті растау бір ай ішінде айқындалатын болады. КВИ - дің мутациямен алдын-алу және емдеу қазіргі кездегі тәсілдерге ұқсас», - деп түсіндірді бас дәрігер.

Сонымен қатар, А.Мусина ақмолалықтар мен облыс қонақтарын «жасыл» аймақта болғанына қарамастан босаңсымауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар