Ақмола облысында құрылыс материалының жаңа түрі шығарылуда
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-¬ Көкшетаудағы «Ерназа¬ров жəне К» ЖШС 15¬ жылдан астам уақыт а¬ғаш өнімдерін өндіріп келеді. Соңғы бірер ¬жылдан бастап, кəсіпо¬рын «арболит кірпіште¬рін» шығаруда, деп хабарлайды Қа¬зАқпарат тілшісі.
Кəсіпорын басшысы Əд¬ілхан Ерназаровтың ай¬туынша, 2014 жылы ресе¬йлік инженерлер тобым¬ен бірлесіп, құрылыс материалының жаңа түрін, яғни, солтүстік өңірдің климатына сай суық өткізбейтін, жауын-шашынға мүжіліп отқа жанбайтын арболит кірпіштерін шығару жобасы қолға алынады. Өндіріске кіріспес бұрын кəсіпкер «Даму өндіріс» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жеңілдетілген мөлшерлемемен 16 миллион теңге несие алады.
Осы 2 жыл уақыт ішінде шағын кəсіпорын 1,5 мың куб арболит блоктарын шығарып, нарықта өз тұтынушыларын тауып үлгерген.
«Біз шығарып жатқан арболит блоктары экологиялық жағынан таза. Сонымен қатар үй салуда жеңіл əрі ылғал өткізбейтіндігімен ерекшеленеді. Оның құрамы 90 пайыз ағаш қоқымы жəне жоғары сапалы М-500 цемент пен минерализатордан тұрады. Өнім мемлекеттік тауар стандарты мен талабына сай», дейді Əд¬ілхан Ерназаров.
Айта кетейік, осы күні «Ерназа¬ров жəне К» ЖШС ені 30 жəне 40 сантимет болатын арболит блоктарының екі түрін шығаруда. Кəсіпорында 20-ға жуық адам жұмыс істейді. Өндірісте тəулігіне 15 текше метр блок шығарылса, алдағы уақытта оның көлемін ұлғайту көзделген.