Ақмола облысында қылмыс 19 пайызға төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қылмыс 19 пайызға төмендеген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың Ақмола облысы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Bolashaq saraiy» ғимаратында жиналғандарға ол ішкі істер органдарының реформасы, полиция қызметінің сервистік моделі, қылмыстық процестің үш буынды жүйесінің жұмыс принциптері туралы айтып берді. Халыққа елдегі және облыстағы қылмыстық ахуал туралы ақпарат берілді.

– Ақмола облысына елде тіркелген барлық қылмыстардың тек 3%-ы тиесілі. Биыл олардың саны 19%-ға төмендеді (5 226-дан 4 245-ке дейін). Барлық қылмыстардың үштен бірі (34% немесе 1 452) облыс орталығында жасалады. Степногорск, Қосшы, Бурабай және Целиноград аудандарында да ұқсас жағдай. Бұл ретте облыстың барлық аудандарында қылмыстың деңгейі төмен екені байқалады, – деп атап өтті ІІМ басшысы.

Кездесуде әртүрлі сұрақтар қойылды. Жалпы азаматтарды бұрын болған жол апаты фактілері, полицейлер тарапынан жасалған заңсыздықтар, қылмыстық істердің тергелуі сынды мәселелер толғандыратыны белгілі болды.




Соңғы жаңалықтар