11:33, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақмола облысында «Мигрант» іс шарасы барысында 518 заң бұзушылық анықталды
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаменті көші-қон басқармасының деректері бойынша өңірде өткізілген «Мигрант» іс-шарасы барысында 518 шет ел азаматы көші-қон заңын бұзғандығы анықталған, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге артық,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Іс-шара аясында республикалық және жергілікті БАҚ-тар өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында басқарма бастығы Виктор Ермаков көші-қон заңын аяқасты ету Астана іргесіндегі аймақтарда елеулі орын алып отырғанын атап көрсетті. Жалпы осы уақытта ТМД елдерінің 502, алыс шетелдің 16 азаматы заңсыздыққа барған. Солардың ішінде Иран, Ауғанстан, Қытай, Моңғол, Камерун елдерінің азаматтары қолға түсті. Сот шешімімен ТМД елінің 25 азаматы елден аластатылса, 571 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ҚР ҚК-сінің 330-ыншы бабы 1-ші тармағы бойынша 3 қылмыскер анықталды Сонымен қатар іздеуде жүрген 7 қылмыскер қолға түсіп, 787 көлік, оның ? 285-і автобус, тексеруден өткізілді. Жеке құрылымның қатысуымен есірткіге қатысты ? 3, өзгенің мүлкін ұрлауға байланысты ? 4, Атбасар мен Зеренді аудандарында, Көкшетау қаласында ҚР ҚК-сінің 330-ыншы бабы 1-ші тармағы бойынша 3 қылмыстың беті ашылды. Нәтижесінде 11,05 грамм есірткі заты тәркіленіп, Целиноград ауданында ішкіліктің салдарынан болған жанжалдан екі шет ел азаматы дүниеден озғандығы анықталды. Өз кезегінде Степногор қаласында өзбек азаматын еш құжатсыз жұмысқа қабылдау оқиғасы тіркеліп, сол бойынша тергеу амалдары жалғастырылуда.