Ақмола облысында мұнай өнімдерін сақтау нысандарында өртті алдын алу және ескерту мәселесі талқыланды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мұнай өнімдерін сақтау нысандарында өрт қауіпсіздігіне тән бұзушылықтар талқыланды.
Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Көшетауда қаласында ТЖБ-да ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, мұнай өнімдерін сақтау нысандарының басшылары мен өкілдеріне облыс аумағында адам өліміне әкеліп соқтыратын өртті алдын алу және ескерту мәселесі кеңінен сөз болды.
Осы орайда, өртке қарсы қызметтің майоры, төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы М. Шатковский мұнай өнімдерін сақтау нысандарында күзет бөлімшелері мен мемлекеттік емес өрт қызметінің жұмысын дұрыс жолға қойылуы тілсізді жауды дер кезінде ауыздықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Шара барысында жиналғандарға Көкшетау мұнай базасында өткен оқу-жаттығудан бейнежазба көрсетілді.
Өз кезегінде мұнай өнімдерін сақтау нысандарының өкілдері орын алып отырған кейбір проблемаларды ортаға салып, оны шешу жолдарымен бөлісті.