Ақмола облысында өрт 181 гектар орманды алқапты күлге айналдырды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орман шаруашылығында өрт 181 гектар алқапты шарпыды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Сәрсенбі, 3 қазан күні Ақмола облысында орналасқан Отраднеск орман шаруашылығында бір күн бұрын басталған өрт сөндірілді. Жалын 181 гектарды - 30 гектар орманды даланы, 151 гектар шабындық шөпті жойды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 223 адам мен 35 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 105 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар