Ақмола облысында өрт салдарынан бір әйел ажал құшты

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Жалғызқұдық ауылында, «АгроОрталықАстана» ЖШС-де 2 тамыз күні сағат 02.35-те мал шаруашылығына арналған кешеннің шатыры өртенді.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Өрт сағат 10.35-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 900 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан 35 жастағы әйел қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар