Ақмола облысында өткен аптада 152 қылмыстық оқиға тіркеліп, оның 128-і ізі суымай ашылды

КӨКШЕТАУ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде өткізілген брифингте атап көрсетілгендей, апта ішінде өңірде 152 қылмыстық оқиға тіркеліп,

Ақмола облысында өткен аптада 152 қылмыстық оқиға тіркеліп, оның 128-і ізі суымай ашылды

оның 128-і ізі суымай ашылған.

Өткен мерзімде облыс тәртіп сақшыларының жіті қимылы нәтижесінде анықталмаған жыл ішінде жасалынған 13 қылмыс, бұрын тіркелген 7 қылмыс әшкереленіп, 5 қылмыскер құрықталған, із-түзсіз жоғалып кеткен 6 адамның тұрағы белгілі болып отыр. Осы уақытта өңірде 12 аса ауыр қылмыс, адам өліміне әкеліп соққан - 3, кісі өлтіруге қатысты - 2,есірткі сату және сақтаумен байланысты - 3, ұрып-соғудың 2 әрекеті анықталып, тиісті шара қолданылды. Өткен аптада заңсыз айналымнан салмағы 856,12 грамм есірткі заттары тәркіленді. Осындай оқиғалар Щучье, Степногор қалалары мен Жолымбет кентінде тіркеліп отыр.