Ақмола облысында өткен жылғы тауар айналымы 44 миллиард теңгені құрады

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық статистика басқармасының деректеріне сәйкес өткен жылы өңірде бөлшек тауар айналымы 44 миллиард теңгеге жеткен, өсім бұрнағы жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыл ішінде жекеменшік сауда және кәсіпкерлер 43 миллиард 731 миллион теңгенің тауар айналымына қол жеткізді, бұл барлық сауда-саттықтың 99,5 пайызын құрап отыр. Аралас, азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары саудасынан түскен түсім 12 миллиард теңгені құрады, алайда ол 2007 жылмен салыстырғанда 14 пайызға төмен. Жалпы бөлшек тауар айналымының 28,1 пайызы базарлар мен жекелей саудамен айналысушылар үлесіне тиесілі. Көтерме сауда саласында табыс деңгейі 6,3 пайызға төмендеп, 130 миллиард деңгейінде болды. Тауар айналымының үлес мөлшері Көкшетау қаласында - 58 пайызды, Щучье ауданында - 16,3 пайызды, Зерендіде 14,8 пайызды құрап отыр. Қоғамдық тамақтандыру жүйесінен түскен кіріс 1 миллиард 656 миллион теңге болса, ол да 2007 жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмен. Жыл ішінде көліктерге, тұрмыстық техникаларға 427 миллион теңгенің техникалық қызметі көрсетілген.
Соңғы жаңалықтар