Ақмола облысында өткен жылғы жалақы берешегі 700 миллион теңгеге жетіп отыр

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының деректеріне сәйкес өткен жылы жүргізілген 100 тексеріс барысында жұмыс берушілердің жалақы берешегі 700 миллион теңгеге жеткендігі анықталған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма бастығы Қабдуали Құлышевтің айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында еңбекақы борышының 489 миллион теңгесі өтелген. Ал ақпанның біріне дейінгі мәліметтер бойынша «Целин Брадетон Кемикалз»(Степногор) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалақы борышы 50 миллион теңге төңірегінде, «Колос АЭ» (Сандықтау ауданы) - 15 миллион теңге, «Ақмола тәжірибе зауыты» (Ақкөл ауданы) мен «Берсауыт» (Аршалы ) агрофирмасы бұдан сәл төмен деңгейде қалыптасқан. Осы уақытта еңбк заңдылығының сақталмауына байланысты жалпы сомасы 13 миллион теңгеден астам 604 әкімшілік айыппұл салынған, оның басым бөлігі жалақы берешегіне қатысты. Жыл ішінде еңбек заңдылығының бұрмалануына орай 8 заңсыз әрекет орын алып, соған сәйкес тиісті тәртіптік және әкімшілік жаза қолданылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум