10:44, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақмола облысында өткен жылы 1137 әлеуметтік жұмыс орны ашылды
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен жылы 1 мың 137 әлеуметтік жұмыс орны ашылып, әулеті төмен жандарға қалыпты тұрмыстық жағдай қарастырылған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Әбділрахмен Мәдияровтың деректеріне сәйкес мұндай жұмыстар Көкшетау мен Степногор қалаларында, барлық аудандарда шешімін тапқан. Аз қамтылған отбасылардың талап-тілектеріне орай мүгедек жандарды жұмыспен қамту бағдарламасы жасалынған. Тек өткен жылы үш пайыздық квота негізінде 331 мүгедек адам жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылы олардың қатары 327-ге жеткізілмек. Оның сыртында жарымжан жандарды белгілі бір кәсіби мамандыққа баулу, шеберліктерін шыңдау, қайта даярлау шешімін тапқан. Сол арқылы әр отбасында бір адамды жұмыспен қамту мәселесі іске асырылмақ.