Ақмола облысында өткен жылы 222 мың 93 шаршы метр баспана салынды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен жылы 222 мың 93 шаршы метр баспана салынды, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 37 пайызға артық,

Ақмола облысында өткен жылы 222 мың 93 шаршы метр баспана салынды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл ішінде өңірде тұрғын үй құрылысы бағдарламасына 7,6 миллиард теңге инвестиция тартылған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 53 пайызға жоғары. Осы уақыт аралығында 12 мың 517 шаршы метр коммуналдық тұрғын үй, «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасына сәйкес 5 мың 940 шаршы метр, несие бойынша 5 мың 139 шаршы метр, ал инвесторлар есебінен 66 мың 533 шаршы метр баспана пайдалануға беріліп отыр. Оның сыртында тұрмыс жағдайын жақсартуға ниеттенгендер 131 мың шаршы метр үй салып алды. Бұл ретте тұрғын үй бағдарламасы Көкшетау, Щучье, Державин қалаларында қарқын алған.