Ақмола облысында өткен жылы 5 миллиард теңгенің байланыс қызметі көрсетілген

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айында бес миллиард 13 миллион теңгенің байланыс қызметі көрсетілген, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 11.8 пайызға артық,

Ақмола облысында өткен жылы 5 миллиард теңгенің байланыс қызметі көрсетілген
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне сілтеме жасап. Жыл ішіндегі көрсетілген байланыс қызметінің 3 миллиард 195 миллион теңгесі тұрғындар үлесіне тиесілі, ол 2007 жылмен салыстырғанда 11.6 пайызға өскен. Осы уақытта түскен табыстар құрылымында қалааралық байланыс - 39,2 пайыз, жергілікті телефон - 20,4 пайыз, халықаралық - 14,8 пайыз, радиотелеарналардың хабарларын тарату - 6,1 пайыз, интернет -10 пайыз, пошта 5,4 пайызды құрады. Табыстың жалпы көлемінің 63,7 пайызы халыққа көрсетілген байланыс қызметінің еншісінде.