Ақмола облысында өткен жылы 98 жол- көлік ережесін бұзу оқиғасы тіркелген

КӨКШЕТАУ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен жыл ішінде өңірде 98 мың жол-көлік ережесін бұзу оқиғасы тіркелген.

Ақмола облысында өткен жылы 98 жол- көлік ережесін бұзу оқиғасы тіркелген

Басқарма баспасөз қызметінің жетекші маманы Бақыт Әбетованың айтуынша, осы уақыт аралығында 4 790 жүргізуші ішкілік ішіп жолға шықса, 13 мыңы жылдамдықты шамадан тыс арттырған, сот шешімімен 3 2070 жүргізуші ереже бұзғаны үшін өз куәліктерінен уақытша айырылды. Сонымен бірге 1 117 көлік иесі он тәулікке қамауға алынған. Статистикаға жүгінер болсақ, жаяу жүргіншілердің кінәсінен 59 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 12 адам мерт болған, 49-ы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген. Жолда жүру ережесін сақтамаған 3 133 жүргіншіге айыппұл ретінде әкімшілік жаза қолданылды.