Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақмола облысында өткен жылы еңбек қауіпсіздігінің сақталмауынан 15 адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің жыл қорытындысына арналған есепті жиынында 2010 жылы еңбек қауіпсіздігінің сақталмауынан 58 адам әртүрлі жарақат алып, 15-і мерт болғандығы айтылды.

Ақмола облысында өткен жылы еңбек қауіпсіздігінің сақталмауынан 15 адам мерт болды

Жыл ішінде жоспарлы 1028 тексеріс жүргізіліп, соның негізінде 3 929 еңбек заңының сақталмауы тіркелген, сол бойынша 1013 хаттама толтырылыпты. Сонымен бірге айлық екбекақының уақтылы берілмеуіне байланысты 95 заңды тұлғаға 6 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Басқарманың араласуымен қордаланып қалған 291 миллион теңге айлық жалақы берешегінің 213,4 миллион теңгесі өтеліп, қалғандары бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы уақытта еңбек заңының сақталмауымен байланысты 462 заңды тұлғаға 14,7 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік шара қолданылды.